Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті.



Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде  мектеп түлектерін, ата-аналарын, мұғалімдерді толқытқан  тағы бір қуанышты, ұмытылмас сәт – түлектерге орта мектепті тамамдау туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті. 

Салтанатты кеш мектеп директоры Алма Алтынханқызы Жұмабековның құттықтау сөзімен ашылды. Аталған салтанатты жиынға құрметті қонақтар: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, киноактер Қыстақбай Қуандық Қапсалаңұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев, Нұр Отан партиясы Астана қалалық филиалы Жастар маслихаты басшысы, VI шақырылым депутаты Әбдіманат Ерғазы Әзімханұлын   және мектеп түлегі  Молдатай Бекнур, ҚР Ұлттық Гвардия Құрмет қарауылы рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмысы бойынша орынбасары Оразбай Айдос Мейрамұлы, КР  пауэрлифтинг бойынша Халықаралық  және Азияның үш дүркін спорт жулдегері, спорт ардагері және СССР күрес спорт шебері Серик Ерішұлы, Астана опера театрының әншісі  Жаймагамбетов Аян Баянбайұлы  мектеп ұстаздарына және  мектеп түлектеріне жүрекжарды тілектерін білдірді.  

Салтанатты кеш арнайы шақырылған өнер қайраткерлерінің ән-шашуымен өрнектелді.  

Жүздері толғаныс пен қуанышқа толы,  сенім мен үміт арқалаған тағы бір топ түлекті балалық шақтан болашаққа шығарып салып, ұстаздары қала берді...  

Зәмзәгүл Кенжеахметова


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное