Жазғы балалар демалыс лагерін қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру оқушылар үшін пайдалы. Демалысты оқушылар асыға күтеді. Балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, тәрбиелеу мақсатында «Қарақшылар» күні белгіленіп, «Алтын қазына» іздеу ойыны өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен «қазынаны» іздеп, карта бойынша жүрді. Балалар дене қимылдарын жетілдіре отырып, бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке үйренді. Ойын кезінде көңілді музыка қойылды. Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа үйренді. Лагердегі жасырылған «қазынаны» «Бәйтерек», «Қошақан» тобы бірден тапса, уақыт өте басқа топтар да тауып алды.
Бұл ойын балалардың ойы мен тәрбиесін одан әрі дамытуға әсер еткені сөзсіз. Ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне орай таңдалып алынды. Осындай жұмыстар өз жалғасын таба береді. Іс-шара лездемеде қорытындыланып, жеңімпаз топтар мен ЕҰУ-тен келген тәлімгерлер мен тәрбиешілер «Мақтау қағазымен» марапатталды. Аға ұстаз – Егешова Роза Үсенқызын арнайы костюм киіп, лагерь оқушыларына көңіл-күй сыйлады. Оқушылар әр күнді шаттықпен өткізіп, жақсы демалуда. Жылдар бойы ұйымдастырылып, жүйемен өткізіліп отырған «Балапан» демалыс-сауықтыру лагері әр балаға керемет көңіл-күй сыйлауда.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"