Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Жұлдыздар шеруі"

2018 жылдың 23 мамыр күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында жыл сайын дәстүрге айналған «Жұлдыздар шеруі» салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жыл бойы жоғары нәтижелі жұмыс жасап, мектеп қоржынын медальмен толтырған оқушылар, мектеп беделін биік деңгейге көтерген белсенділер, спортшылар мен өнерпаздар «Жас зияткер», «Жас спортшы», «Жас дарын» секілді арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушыларды биік жетістіктерге жеткізген жетекші ұстаздары «Үздік тәлімгер» атты номинациясы бойынша марапатталды. Оқушылар мен ұстаздарды мектеп директоры Г.М.Шаймердинов осындай үлкен жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктерге жете берсін деп тілек тіледі.

          


          


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное