Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

1 маусым- Балаларды қорғау күні

     2018 жылы 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада елорда бүлдіршіндерінің қатысуымен ауқымды әрі қызықты шара – Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің парады өтті. Парадқа биыл Астана қаласының төрт әкімшілік ауданының 6000 мыңға жуық мектеп оқушылары мен қосымша білім беру, сондай-ақ орта білім беру мекемелерінің педагогтары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
      Салтанатты жиынды ашқан Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов жиналғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, өзінің игі тілегімен бөлісті.
      Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының атынан 50 оқушы қатысты. Шараға қатысқан мектеп оқушылары 1 айға жуық дайындықтан өтті. Шеру балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында болды. Керемет музыкалық репертуар, алуан түрлі аспаптар, сан түрлі өнерді біріктірген бағдарламалар мен көздің жауын алатын бірыңғай әсем киімдермен безендірілген шеру балалар мерекесінің көркін келтірді.




                    





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное