Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Мен сүйікті мультфильмімді иллюстрациялаймын» атты танымдық-өнер байқауы

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» келген жазғы демалыс лагерінің оқушылар үшін орны ерекше. Оқушылардың әр күнін мерекеге айналдыру мақсатында өткен «Мен сүйікті мультфильмімді иллюстрациялаймын» атты танымдық-өнер байқауы әр демалушыға керемет шаттық сыйлады.

Тәлімгерлер мен тәрбиешілер де бұл іске өт жауапкершілікпен қараған. Бұл іс-шарада оқушылар коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді, ұжымдағы жағымды қарым-қатынасқа үйренді. Әділ-қазылар арнайы құрылған критерийлер бойынша дұрыс шешім шығарды.

«Бәйтерек» тобы – І орын

«Ақ желкен» тобы – ІІ орын

«Балдырған» тобы – ІІ орын алса, «Қошақан», «Ақ көгершін», «Гүлдер», «Балауса» топтары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Тәрбиешілер Мұсабаева С.Е, Тулеубаева А.Г., Айтжанова С.О., Оралды А., Сагимбаева Д.М. топтары ерекше көзге түсті. Тәлімгерлер Тлеубердинова Айгерим, Тлепалды Назерке, Базылканова Жадыраның болашақтары зор деп ойлаймыз.

         Лагерь мақсаты балаларды сауықтыру және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту болғандықтан, игілікті істер өз жалғасын таба береді.

Іс шара Әшірбай Мирастың «Қазақстан жайнай бер!» атты әнімен аяқталды.

         Оқушылардың әр күнді флешмоб музыкалармен билеуден бастауы, таза ауадағы түрлі қызықты ойындар, таңғы жақсы ән мен би әр балаға бақыт сыйлары сөзсіз.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное