Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жазғы лагерь жалғасуда

Мектеп жанындағы лагерь қатысушылары үшін көңілді ойындар мен танымдық тапсырмалар жалғасуда. 06.06.2018ж.  балалар таңғы ас пен сергіту жаттығуынан кейін логикалық  математика әлеміне саяхат жасады. Әр түрлі деңгейдегі қызықты есептер шығарып, есеп  нәтижесінен шыққан суреттерін бояп, салыстырып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, балалар үшін «Керуен» ОСО өз есігін айқара ашып, «Happylon» ойын алаңында шаттыққа бөленуге мүмкіндік берді. Балалар үшін екі сағат көлемінде барлық ойын алаңы тегін қызмет көрсетті. Балалар риясыз қуанып, еркін ойнауға мүмкіндік алды. Лагерь қатысушыларының түрлі сайыстық ойындарды жұптаса ойнауына, топпен шынықтыру алаңында көңіл көтеруіне жағдай жасалды. Көңілді кейіпкерлер балалармен би билеп, белсенді ойындар ұйымдастырды.

        

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное