Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

                   Мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мектеп бітірушілер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы түлектерге алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан және ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруға тілек білдірді. Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Сулейменова Мадина Тасжановна қатысып, оқушыларға алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Мектебіміздің алғашқы директоры, физика пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы жас түлектерге өзінің жыр шумақтарын арнап, ақ батасын берді. Оқу жылын үздік бітірген оқушыларды мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы мақтау қағаздарымен марапаттады. 1-сынып бүлдіршіндері жас түлектерге өлеңдер оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. «Алтын белгіге» үміткерлер 11 «А» сынып оқушысы Адетхан Рая мен 11 «Ә» сынып оқушысы Хасен Асем мұғалімдерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Қоңырау соғу рәсімі «Алтын белгіге» үміткер 11 «А» сынып оқушысы Қайролла Нұрхан мен 1 «В» сынып оқушысы Атамбаева Дильназға берілді. Мектеп түлектері қоштасу вальсін билеп, «Ұстазым» әнін нақышына келтіріп орындады. Кеш соңын 9-сынып оқушылары Таңатқанов Рүстем мен Сабитова Дильназ «Астаналық мектебім» әнімен қорытындылады.

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное