Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«ЖАС ҰЛАН – 2018» қалалық жүлдесін табыстау гала-концерті өтті.

23.05.2018 ж. күні Оқушылар сарайында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының «ЖАС ҰЛАН – 2018» қалалық жүлдесін табыстау гала-концерті өтті. Елордамыздың негізгі тірегі болатын өскелең ұрпақтың тізгінін ұстаған «Жас Ұлан» ұйымының қорытынды марапаттау жиыны – «ЖАС ҰЛАН – 2018» қалалық жүлдесін табыстап қана қоймай, Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап жасұландық өрендер өз өнерлерін тарту етті. Өткен жылдың қорытындысы ретінде «Үздік мектеп директоры», «Үздік директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары», «Үздік аға тәлімгер», «Үздік Ұланбасы» номинациясына лайық деп танылғандарды концертіміздің қонақтары табыстады. 
Осы концерттің жоғары деңгейде өтілуіне біздің кешеніміздің Жас Қырандық көшбасшылары барып, қатысып атсалысты. Кешеніміздің аға тәлімгері Мендибаева Фариза Серікқызы жылдық қорытынды бойынша "Үздік тәлімгер - 2018" номинациясымен марапатталды. Фаризаны құттықтай отырып, ұжым болып болашақта алар асуы мен шығар биігі көп болсын дейміз! Жарайсыңдар, "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" көшбасшылары!





 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное