Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

8 наурыз әйел- қыздар мерекесі

                          2018 жылдың 7 наурыз күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында  көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін "8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні" мерекесі аталып өтті.          Бастауыш сыныптарда «Ана есімін біздер биік ұстайық!» тақырыбы аясында мерекелік тәрбие сағаттары өтті. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының  кеңес мүшелерінің ұйымдастырумен мерекелік концерт өтті. Бұл шара мұғалімдерге, аналарға, әжелерге, қыздарға  арналған құттықтау – слайдтары арқылы  көрсетілуден бастау алды. Концерттік бағдарлама мектеп директорының орынбасары  Р.О. Баймановтың құттықтау сөзінен басталды. Өз сөзінде барлық қыздарды, әріптестерді, мерекеге келген аналар мен әжелерді  8 наурызбен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан тіледі.   Балалар бұл шараға аса жауапкершілікпен дайындалғандығы көрінді . Әр сынып оқушылары қызықты нөмірлерді дайындады: әсем әндер, әдемі билер, өлеңдер,ойындар  көрсетті. Әр нөмірге міндетті түрде ұл балалар қатысты. Олар мұғалімдерін және сыныптас қыздарды мерекемен құттықтады. Аналар туралы әсем әндер мен өлеңдер айтылды. Әсіресе 9 б сынып оқушысы  Фех Эммануэлдің орындауындағы  «Мама»  әні көрермен болып отырған барлық аналарға арналды.
        Өнерлерімен ерекшеленген қалалық байқаулардан орын алып жүрген  «Ғафу шәкірттері» көңілді тапқырлар клубының әзілдері көрерменді жақсы көңіл күйге бөледі. Бұл шарадан барлық ұстаз аналар,  қыздар  жақсы әсер алды.
 
     

      

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное