Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Астана қаласы № 61 орта мектебінде өткізілген «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны

     2018 жылғы 10 ақпан – 10 наурыз аралығы «Өмірге ия деп айт!» республикалық ақпараттық науқанына арнап жоспар құрылып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.

   Ақпараттық науқанның мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға  қоғамның назарын аудару

      Ақпан  айының  10-жұлдызынан  бастап  мектеп сайтында, ғаламтор қорларында балаларға психологиялық көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат орналастырылды.






Мектеп оқушыларына  «Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіледі», «Біз – Өмірді таңдаймыз!» «Ата-аналар үшін жадынама», «Балаларды бірге сақтайық!», «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?», «Әр бала Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!», «Балалық шақ қорғалуда» және т.б. тақырыптық кітапшаларды, жадынамаларды, ақпараттық парақшалар таратылды.





8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз өмірді таңдаймыз!» флешмоб ұйымдастырылды.




«Босқа қауіпке жол берме!» тақырыбында 10 сыныптар арасында дебат турнирлері өткізілді.




«Қауіпсіз интернет» тақырыптарында фотоконкурс өткізілді.

 

Мектеп инспекторының қатысуымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында алдын алу дәрістері жүргізілді.



ГКП ПХВ ЦСЗ «Шуақ» жастар денсаулық  орталығынан психолог П.Б. Альчикенованың қатысуымен  «Салауатты өмір салтын қолдаймыз»  тақырыптарында алдын алу дәрістері жүргізілді.




5-11 сынып оқушыларының денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша «Өмірге ия деп айт!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.




Ата-аналар және балалар үшін құқықтық жаппай оқыту ұйымдастыру мақсатында 9 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.




Балалармен, жасөспірімдермен және ата-аналармен консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.




Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен «ЭКСПО»  көрмесіне топ серуенге қатыстырылды.




Қорытынды:  Тренинг,  оқытулар  барысында  оқушыларда  туындаған сұрақтар  талқыланды.  Кеңестер  берілді.  Арнайы,  жеке  кеңеске  сұраныс жасаған оқушылар жеке консультацияға мектеп психологына келді.

Ұсыныс:

Оқушылардың  алдағы  уақытта  эмоционалды  – еріктік  әрекетінің  деңгейін дамыту.

 

 

Мектеп психологі:                       А.М.Алтынбекова


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное