Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні»

Мектебімізде   наурыз  айының  19-20  жұлдызы күндері Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.

      «Нұр себеле Ұлытың Ұлы күні» атты өткізілген іс-шараның  мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Әр сынып Наурыз мерекесі туралы ұлттық бұрыш ұйымдастыруға тапсырма алды. "Наурыз – жыл басы", "Жаса, жаса жаңа күн!" ақпараттық стендттерде бұл мейрамның адамдар өмірінде алатын орны, оған дайындалу ережесі мен өткізілуі туралы жазылды. Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.  «Наурыз-думан,  наурыз –ән»  атты сынып сағаттар өтті. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектебіміздің әр сыныбы бай дастархан жайып, қонақтарды  наурыз көжемен, бауырсақпен, шелпекпен, кәмпит басқа да тәттілермен сыйлады.  Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное