Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"НАУРЫЗ - КӨКТЕМ, НАУРЫЗ - ЖЫР, НАУРЫЗ - ДУМАН" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Бүгін 2018 жылдың 16 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурыз - көктем, наурыз - жыр, наурыз - думан!" атты мерекелік концерт болып өтті. «Береке күні» - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу. Халық «Берке мен бірлік бар жерде жетістік болады» деп айтады. Берекенің бастауы болған бұл шараға мектебіміздің оқушылары, ұстаздары, ата-аналары және өзінен кейінгі ұстаздарға үлгі көрсеткен ардагер ұстаздарымыз қатысты. 
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақытты тілеймін
Бүкіл қазақ еліне - деп басталған бұл шарада мектеп оқушылары қазақтың ұлттық құндылығын дәріптейтін домбыра, жетіген сынды аспаптарында күй ойнап көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.
 
 
 
 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное