Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

ЖАҚСЫМЕНЕН ӨТКІЗГЕН ЖАРТЫ САҒАТ - ЖАМАННЫҢ ӨТІП КЕТКЕН ӨМІРІНДЕЙ

02 наурыз күні №81 "Astana English school "гимназиясында ақын, Абайтанушы, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызымен сырлы сұхбат өтті. Келелі кеңес «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында өрбіді. Астарлы қойылған сұраққа мардымды жауап берілді. Әрдайым қыз тәрбиесіне, ұлт тағдырына алаңдап, «Адам табиғатына, туған жеріне тарта туады» деген ұғымды алға тартатын Алма ханым мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ақыл-кеңесін берді. Қазақ қыздары қайсар әрі нәзік, жүректі келеді деп мақтанатынымыз бар. Бұған дәлелдер де жоқ емес. Оған қарт тарих куә. Біздікі - қыздарымыз ибалы, ұлдарымыз қайсар болып өссін деген ниет.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное