Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектеп президетінің сайлауы өтті.

Астана қаласы №64 мектеп-лицей оқушылары мен ұстаздары үшін 2018 жылдың 30 қаңтары  есте қаларлық күн болды. Сол күні таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкі сағат 18.00-ге дейін оқушылар мен ұстаздар қауымы мектеп президентін сайлауға қатысты. Мектеп президенттігіне үміткерлер өзінің үгіт насихат жұмыстарын қараша айынан бастап жүргізген болатын. Олар өздерінің бағдарламаларын оқушыларға және ұстаздарға таныстырып өткен. Ал енді,  олар, өз таңдауларын жасады.  Сайлауға барлығы – 1653  сайлаушы қатысты. Сонымен сайлаудың нәтижесі бойынша:

Есімбек Меруерт  - 197 дауыс  - 12%

Ергалиев Алан – 309 дауыс – 19%

Тлеуказин Нұрдаулет – 240 дауыс – 14%

Сабитұлы Нұртілесенім – 322 дауыс – 19.4%

Бекен Алем – 573 дауыс – 35.6%

дауыс жинады. Нәтижесі бойынша мектеп президенті болып 8 д сынып оқушысы  Бекен Алем сайланды.  Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Бекен Алемге көптеген жетістіктер тілейміз! Оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, алға қойған мақсаттары орындалуына тілектеспіз! Ал, президенттікке үміткер болған оқушыларымызға да  болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, Алеммен бірге жұмыс істеуге тілектеспіз! Атсалысқан барша мұғалімдер мен оқушыларға алғысымыз шексіз! Болашақ - жастардың қолыңда! Жастарға демеу болайық!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное