Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

ҚРДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға

ҚРДенсаулық  сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  мемлекеттік бағдарлама  аясында, «Назар аударыңыз , бағдаршам!» жол көлік  апатының  алдын  алу тақырыбында  өткізілген  акцияның қорытындысы 
     1.2016 -2019 оқу  жылдарына  арналған  «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасын  іске асыру жөнінде өткізілген іс-шараға қысқаша  түсініктеме беру.
  1. а) Назар аударыңыз , бағдаршам! (баяндама)
       ә)  ЖЖЕ  ережесіне  байланысты  қойылым
  1. Сурет көрмесі
  2. Бүлдіршіндерді марапаттау
№51 мектеп – гимназиясының  АКТ залында  Қазақстан  республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың 2016 - 2019 жылдарға  арналған «Денсаулық»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске асыру аясында,  «Назар аударыңыз, Бағдаршам!»  ұранымен және жол көлік  апатын  алдын  алу бойынша  іс-шара өткізілді. Жол полиция  қызметкері  жолда  жүру  ережелерімен  таныстырып өтті. Жаяу  жүргіншілердің жол көліктеріне  зиян келтірмеулері үшін  арнайы  жолмен  жүрулерін  қатаң  түрде  ескертті.
Осы  ауызша  түсіндірілген  анықтамаларға  көз жеткізу  мақсатында  оқушыларға  арналған мультфильм  көрсетілді. Оқушылардың ойын жинақтау және  көру , тыңдау  зейінін  бақылау  мақсатында жолда  жүру ережесіне  байланысты қойылым қойылды. Оқушылар  жолда  жүру  ережелерін  мұқият тыңдап , белсене қатысты. Өз ойларын  жеткізе  білді. Барлығы бірауыздан  келісіп ерекше  көңіл күймен  атсалысты.
  Бірінші  сыныптарға арналған театрландырылған көрініс түрінде  ауқымды акция өткізілді. Әр  бала өз деңгейінде  сурет  салды. Суретте  өз ойларын  жетік  жеткізе  білді. Мысалы: 1 «ж» сынып  оқушысы   Қанатұлы Жандос «велосипед» жүргізушілердің  жолда жүру  ережесін  жақсы  салған.
   Сондай - ақ 1 «а», 1 «ж», 1 «е» сынып  оқушылары да  белсене  қатысып  марапаттаулар  алды.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное