Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Бүгін 2018 жылдың 12 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша оқушыларлардың білім сапасын анықтап, бақылау мақсатында 8-сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Іргебай Ербол Ісләмұлы жүргізді. Ақпаратты жинау және талдау барысында әр сынып өздерінің жақсы және әлсіз тұстарына есеп беріп, болашақтағы мүмкіндіктері мен қауіптерін де атап көрсетті. Жиналыс барысында сынып үздіктері мен екпінділері мектеп директорының қолдауына ие болса, керісінше білім пайызының төмендеуіне әсер еткен оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни әр оқушы бағасының не үшін төмендегені туралы өз-өзіне есеп беріп,себебін анықтай алды.Осы орайда сынып оқушылары алдағы тоқсандарда аталған кемшіліктерді жою юойынша алдарына қойған іс-шара жоспарларын жүргізіп, білім пайыздарын көтеруге уәде берді. Жиналыс соңында мектеп директоры төмен көрсеткіш берген оқушылардың білімін арттыруда ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен бірлесе жұмыс жүргізу керектігін тапсырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға күнделікті жұмыс жүргізілу керектігін ескертті.

  

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все
Заполняем школьные сайты

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

Полезное