Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Отбасы – бақыт мекені»

Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы  5-11 қыркүйек аралығында жоспарланған «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталығы аталып өтті.

Апталық  жалпы мектепішілік лездемеден бастау алды. Лездемені өткізудегі  негізгі мақсат  – жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағыттап,  балалар мен жасөспірімдер арасында имандылықты, руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті сезінуге негіздеу болатын.  Сондай-ақ,  11 сынып оқушылары   «Бақыттымыз бірге» деген атпен флешмоб дайындап  көрсетті.

         Қыркүйектің 6-сі күні  қазақ тілі мен орыс тілі мамандарының  ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары  арасында  «Отбасым – мақтанышым»  деген тақырыпта шығарма  байқауы өтті. Аталған байқауға барлық сыныптардан  ат салысып, қатысқандар  саны көп болды. 
       7-ші қыркүйек күні мектептің 4-ші  қабатында 1-10 сынып оқушылар арасында «Мен және менің отбасым»  атты сурет  байқауы өтті. Акварель, гуашь, карандашпен салған  оқушылардың суреттерінен жанұя мен жақын адамдардың арасындағы  сүйіспеншілік, қарым-қатынас бар екенін байқауға болады. Байқауда  жеңімпаз болып шыққан суреттер: «Көңілді отбасы» 8 Г сынып оқушысы Мазур Настяның,  Ахмеджан А. «Біздің бақытты Отбасымыз»,   Сәкен А.  «Отбасы тірегі бірлікте», «Мен өз анамды сүйемін» Бейсенаев А., Нам С.  «Тәуелсіз ел-бақытты Отбасы» атты суреттері ерекше байқалды.

 Оқушылар қызықты коллаждарды өздері жасап, отбасындағы жақын адамдары туралы жүрекке жылы әңгімелер айтып берді. Отбасымен бірге өткізетін көңілді сәттер, дәстүрлі кезеңдер бар екені байқалды.

  Сонымен қатар, мектебіміздің  акт залында  «Отбасы – жан шуағым» әндер байқауы атты  музыкалық іс-шараны 4 сынып оқушыларымен ата-аналары бірігіп өткізді. Іс-шараның мақсаты, баламен ата-ананың арасындағы  қарым-қатынасты нығайту, бір бірін түсіну, ұғу. Белсене қатысқан отбасыларынамектеп әкімшілігі атынан ризашылығымызды білдіреміз. Қадыровтар отбасы, Арчвадзе отбасы, Омаржановтар отбасы команда ретінде келесі байқауларға қатысты: «Отбасылық сурет»,«бақытты жанұя»,«Біздің отбасы», «Туған ошақтың жылуы». 8-ші қыркүйек күні «Отан отбасынан басталады»  деген тақырыпта бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында отбасы берекесі мен татулығы, бірлігі, ұйымшылдығы, қамқорлығы, сыйластық адамгершілік тәрбиесі туралы сөз болып, осындай адамгершілік рухани тәрбие беру арқылы, отбасының мызғымас беріктігі сақталатыны туралы сөз болды. Әрине, әр отбасының өзіндік қағидаттары мен көзқарастары, әдет-ғұрыптары да бар.

«Отан-отбасынан басталады» деген қағидаға сүйенсек, елімізде отбасы құрып,оның беріктігін сақтау мақсатында мемлекетіміз әртүрлі шаралар атқаруда.Сондықтан да, мұндай іс-шаралардың  өткізуде мектептің атқаратын рөлі зор.

Қыркүйектің 9 жұлдызында  отбасы күнін тойлау ары қарай  «Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті»  атты отбасылық спорттық іс-шарамен жалғасты.  Шараға  5-6 сынып оқуышары мен бірнеше  ата-аналар  қатысып, сынға түсті. Салауатты өмір салтын ұстап, оны насихаттауда ата-аналардың үстемдігі арта түсті. Жарыс барысында ата-аналар белсенділік көрсетті. Әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен, мақтау қағаздармен марапаттады.

  «Денсаулық күніне»  байланысты қыркүйектің  11 күні   мектепте жалпы қалалық спорттық іс-шара  өтті. Іс-шараны  мектебіміздің хореграфы Марат Умирбеков оқушыларды сергіту мақсатында бимен ашты. 5-11 сынып аралығында өткен спорттық іс-шара ары қарай спорттық жарыстарға ұласты.

5-11 қыркүйек күндері  мұғалімдер мен  оқушылардың арасында.  сонымен қатар ата-аналардың  да қатысуымен арасында «Менің үйім – менің қорғанышым» тақырыбында психологиялық тренингтер,  «Оқушы, отбасы, қоғам» дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылды.  Әңгімелесудің  негізгі мақсаты – балалардың қатеріне жанұяның маңыздылығы, патриоттық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазіргі қоғамда отбасы мәртебесі мен рөлін көтеру жөнінде,  сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арасында өзара қарым-қатынасты бекіту туралы  болатын.   

5-11 қыркүйек аралығында өткен  «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында арқау алған республикалық  апталық отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлін білдірту, перзенттік парыз деген қасиетті бойларына сіңіре отырып, отбасыларын қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.

      

      


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное