Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстаным!»

         Тарихымызда алтын әріптермен жазылған ата-бабаларымыздың асыл арманы, мақсат мұраты Тәуелсіздік, Егемендік мерекесіне мектебімізде «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарамызға Қазақстанның өсіп –өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан «Зодиак» ардагерлер үйінің ардақты  қарттары шақырылды.    
  Мерекелік іс-шарамыздың І бөлімінде  тарих тағылымынан өнеге алар, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ерлігін паш ету мақсатында  «Қарлығаштарым келдіңдер ме?» атты этюдты жанрда қойылым көрсетілді.
ІІ бөлімде оқушыларымыз ән-жырдан шашу шашты.
Шақырылған қонақтарымыз өз жылы лебіздерін білдірді.
Батыр бабаларымыз аманаттап кеткен азаттық, Тәуелсіздік бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгілік жатталып, санасында қастерлі ұғым ретінде сақталады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын!








 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное