Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Құқықтық тәрбие- болашаққа бастар жол»

Желтоқсан  айының  6 – шы жұлдызы күні  8- сынып ұлдары мен қыздары арасында зорлық – зомбылықтың, қылмыстың, бопсалаудың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәрбие- болашаққа бастар жол» тақырыбында мектеп инспекторы Искандарова Жанар  және Алматы аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ ЮПБ учаскелік  полиция лейтинанты: Тургинбаева  Лаура Андасбекқызы дәріс өткізді. Дәріс өте тартымды болды.Оқушылар зорлық – зомбылық Қазақстан Республикасындағы 181 бап бойынша қала, Республика деңгейіндегі статистикамен, фактілермен таныстырылды. 330 бап – ұсақ бұзақылық бөліміне терең тоқталды.  Қазақстан Республикасының заңында белгіленген азаматтардың құқықтары, заң бұзушылық фактілері де дәріс арқауы болды. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді. Жалпы мектепте ұсақ бұзақылықтар сотка (моб.телефон) жоғалуы кезіккенмен, шеттен шыққан ірі қылмыстардың жоқ екені айтылды. Осындай іс – шаралар өз жалғасын таба береді.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное