Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Белгілі математик Ырысбек Мәуітұлымен кездесу.

            28 қараша 2017 жылы  Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясының арнайы шақыруымен «Математика-ғылымдардың патшасы» апталығы аясында ұйымдастырылған кездесу-кешіне қонақ болып Республика көлеміне танымал математик, «Үздік педагог-2017» атағының иегері Ырысбек Мәуітұлы келді. Ұстаздық жолында тынбай еңбектеніп жүрген педагог мектеп оқушыларының математикаға қызығушылығын арттырудағы ерекше әдістемесы туралы баяндап берді.
         Білікті басшы Самал Ботақанқызы бастаған ұжымның тәжірибелі ұстаздары, білімді математиктері Назигул Ғабитқызы, Лязиза Жеңісханқызы және бірлестік мұғалімдері мектеп оқушыларын ынталандырып, қабілетін арттыруға бағытталған іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытты. Кездесу барысында оқушылар қызықты сұрақтармен өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Белгілі математик Ырысбек Мәуітұлы логикалық сұрақтар жасырып, дұрыс жауап берген оқушыларға «Математикалық сауаттылық» кітабын сыйға тартты. Оқушылардың тұлға болып қалыптасуына, белгілі бір жетістікке ұмтылуына көп әсерін тигізетін осындай шаралар жалғасын тапса екен дейміз.













 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное