Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» акциясы

         Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент  күніне арналған салтанатты тізіліс өтті. Мәртебелі мерекеде құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шабкеноваға берілді. Біздің де оқушыларымыздың арасынан ел басқаратын азаматтардың көптеп шығатынына сенім білдірді. «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық!» акциясы  4-7 сынып оқушыларының флешмобымен  басталды. 8-9 сынып оқушылары аралығында волейболдан жарыс өтті. Нәтижесінде 8 сыныптар бойынша  І орынды  8 «Б»  сыныбы, ІІ орынды 8 «А»  сыныбы, ІІІ орынды 8 «В» сыныбы алды. 9- сыныптар бойынша  І орынды  9 «В» сыныбы, ІІ орынды 9 «Ә» сыныбы, ІІІ орынды 9 «Б» сыныбы ие болды. 10-сынып оқушылары арасында баскетбол жарысынан  жүлделі І орынды 10 «А» сыныбы, ІІ орынды 10 «Ә» сыныбы иеленді. 4-сынып оқушылары арасында шахмат жарысы болды. І орынды  4 «В» сынып оқушысы Серік Бекболат, ІІ орынды  4 «Б» сынып оқушысы Сенбаева Мөлдір, ІІІ орын  4 «В» сынып оқушысы Нұртілекұлы Рамазанға бұйырды. 2-сыныптар арасында асық ойынынан жарыс өте қызықты өтті. 2-3 сынып оқушылары арасында бес тас ойыны өткізілді. 7-11 сынып оқушылары тоғызқұмалақтан жарысқа түсті. Нәтижесінде І орынды 11 «А» сынып оқушысы  Ерден Ерасыл иеленсе , ІІ орынды 11 «Ә» сынып   оқушысы Амангелді Әділет, ІІІ орынды 11 «А» сынып оқушысы Сабирова Сабина қанағат тұтты. 3-сыныптар арасында "Әкем, анам және мен" деген атаумен отбасылық сайыс өтті. Спорттық жарыс "Көп болып жүгіру", "Қаппен секіру", "Теннис таяқшасымен допты алып жүру" сияқты 9 кезеңнен тұрды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уалиева Сандуғаш Калиденқызы мен ата-аналар комитетінің өкілі қазылық еткен эстафеталық ойын тартысқа толы болды. І орынды 3 «Б» сыныбының  Дигимбаевтар отбасы, ІІ орынды 3 «Е» сыныбының Жанадиловтар отбасы, ІІІ орынды 3 «Б» сыныбының Біржановтар отбасы мен  3 «Ә» сыныбының  Амиржановтар отбасылары марапатталды. 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Дені саудың – тәні сау» тақырыбында плакаттар байқауы өтті.  5- сыныптар арасында І орынды 5 «А» сыныбы, ІІ орынды 5 «Ә» сыныбы, ІІІ орынға 5 «Д» сыныбы жайғасты. 6-сынып бойынша І орынды 6 «Б» сыныбы , ІІ орынды 6 «Г» сыныбы , ІІІ орынды 6 «Д» сыныбы алды. 7-сыныптар арасында  «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» тақырыпта эссе байқауы болып өтті. Оқушылардың әдебиетке деген ықыласын арттыруды мақсат тұтқан бұл байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Жұмашева Рабиға Айтбайқызы қазылық етті. Әділқазылар алқасының шешімі төмендегідей болды:

І орын – Ұзақбаева Қарақат  7"А" сыныбы.
ІІ орын – Айтбаева Айым 7 "Ә" сыныбы.
ІІ орын – Балтабаева Дильназ 7 "А" сыныбы.
ІІ орын –  Мұратбекова Айерин 7 "В" сыныбы
ІІІ орын -  Балтабаева Индира 7 "Ә" сыныбы.
ІІІ орын -  Әбдікәрім Айым 7 "В" сыныбы.
ІІІ орын – Сатыбалдина Айкен 7 «Ә» сыныбы.

Акцияға байланысты 6-7 сыныптар аралығында халық добы жарысы өтті. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімімен барлық кезеңде ең көп ұпай жинаған 7-сыныптар аралығында 7 «Б»  сынып оқушылары жүлделі І орынға ие болды. ІІ орынды 7 «В»  сыныбының оқушылары алса, ІІІ орын  7 «А» сыныбының оқушыларына бұйырды. 6-сыныптар аралығында  І орынды 6 «Д» сыныбы, ІІ орынды 6 «Б» сыныбы, ІІІ орынды 6 «Г» сынып оқушылары иеленді.
     ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» акциясына мектебімізден 514  оқушы, 70 мұғалім және 15 ата-ана қатысты.

 

  

 

  





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное