Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

№54 мектеп-лицейінде 29.11.17 күні сағат 11.00-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары үшін дәріс сабағы өткізілді. Дәріс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанәлі Г.А. сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның салдарын және онымен күресу үшін атқарылып отырған іс-шаралар жөнінде баяндады. Баяндамада қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және  пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті екені және  тәуелсіздік алғалы бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар қабылданып,  түрлі  іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келетіні жөнінде айтылды.Соның бірі «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы еліміздің барлық мектептерінде жұмыс жүргізеді. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылатынын айтты. «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді  сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.  Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа  қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз  керек»,- деп Елбасымыз айтқандай жемқорлықпен күресті нығайту үшін бәріміз ат салысуымыз қажет екендігін айтты.

         Мектеп инспекторы Г.А.Сатенова  оқушыларға жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылатыны жөнінде айтып берді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное