Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында  латын әліпбиіне көшу жұмыстарын   жүзеге асыру бойынша «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға  «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сейітов Ахмет Мағзұмұлы, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының консультанты Ахмеди Ерлан Ерікұлы және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ғылыми қызметкері Алмажан Қадырханқызы қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты: латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатындығы, ұлттық мүддеге бағытталған бағдарламаның  маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное