Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Оқушылар зиялы қауым өкілдерімен танысты

     Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерекесіне арнап оқушылар үшін таңертеңнен бастап  салтанатты жиындардан басқа бала ақындармен кездесуге арнайы қонақ ретінде келген зиялы қауым өкілдерімен танысты. Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері,  профессор, Республикалық ардагерлер одағының орынбасары, ақын, жазушы Озғанбаев Өмірзақ ағамызбен,  «Алдаспан» батырлар қорының президенті Күлән апа Абдулдаевамен, ақын, драматург, прозаик, аудармашы Маржан Аманқосқызы Ершумен,  әдебиет сыншысы, балалар жазушысы Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбаймен, мектептің түлегі Амангелді Нұрланұлы ағаларымен,  «Жас Отан» жастар жобасының бөлім меңгерушісі Айжан Мыңжасарқызымен танысып сұхбаттасты.
     Келген қонақтарға мектеп оқушылары  Астанқұлов Үсен, Айдынұлы Ердәулет, Бектібаев Аңсар, Буриев Айдын, Дурнев Никита және тағы басқа да жас таланттар тырнақалды шығармаларын сахна төрінде оқып, үлкендердің батасын алды. Жас талаптар ағалары мен апалары әкелген базарлықтарына ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында мектеп-лицей директоры Алма Алтынханқызы Жұмабекова келген қонақтарға алғыс сезімін жеткізді.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное