Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Самғатқан сан қыранды Алтын ұям. Біздің Мектепке 10 жыл!

[12:45, 20.11.2017] Жанерке Биолог 59: Бүгін, яғни қараша айының 20 күні біздің білім ордамыз №59 мектеп-лицей 10 жасқа толып отыр. Сынып оқушылары белсенді дайындалып, қызығушылық танытты. Сынып сағатын мемлекеттік гимнмен бастап, ары қарай жоспарланған сценариймен өрбіді. Оқушылар алдын ала дайндап келген «Мектеп менің екінші үйім» тақырыбында өз қоладрынан жасаған плакаттарын қорғап, «Біздің мектептегі бір күніміз» тақырыбындағы эсселерімен бөлісті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мектепке деген ыстық лебіздерін білдірді. «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» тақырыбында оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша ,әр оқушы мектепте оқыған әр жылынан естелік суреттер топтамасымен бөлісті. Сынып сағатымыздың соңында мектепке арнап «Туған күн» әнін орындап, аяқтадық. Оқушылардың бойында мектепке және ұстазға деген құрмет пен мақтаныш ұялап, көтеріңкі көңілмен келесі сабақтарына кетті.
Кауымбекова Жанерке Сыпатаевна










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное