Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары"

Бүгін Астана қаласы №48 мектеп-лицейде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. "Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары" тақырыбындағы конференцияға белгілі алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан және алгебра, геометрия кафедрасының оқытушысы Абдрахман Сапарұлы қатысты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының халқына сіңірген ұлы еңбектері туралы танымдық ақпараттар беріп, оқушылар пікірін тыңдады. №2 өнер мектебінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Серікбай Ақтөре Еркінұлы "Аққұм" өлеңі арқылы Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір қырын көпшілікке танытты. Конференция соңында мектебімізге алаш қайраткерлері туралы жинақ кітаптары сыйға тартылды.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное