Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Астана қаласы № 23 орта мектебінің қыздар баскетбол құрамасы мамыр айының алғашқы мерекелік аптасында 6-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Алтын доп –Мектеп лигасы» балалар мен жасөспірімдердің турнирінде жеңіске жетіп, ІІ орынның кубогіне ие болды.

Астана қаласы № 23 орта мектебінің қыздар баскетбол құрамасы мамыр айының алғашқы мерекелік аптасында 6-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Алтын доп –Мектеп лигасы» балалар мен жасөспірімдердің турнирінде жеңіске жетіп, ІІ орынның кубогіне ие болды. 2016-2017 оқу жылғы мектеп оқушылары Спартакиадасы шеңберінде өткізіліп жатқан қалалық баскетбол жарыстарында жас спортшыларымыз І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарды иеленіп, жанкүйерлерін тамаша ойындарымен қуантып келеді. Баскетболшы қыздарды жас маман Иманқұлов Рүстем Мақсұтұлы жаттықтырады. 6-8 сынып оқушыларынан құрылған команда құрамында ойнайтын Жумагулова Камилла, Дуэнко Дарья, Пономарева Ольга, Братчикова Ольга, Рахметолла Дильназ, Ибраева Әсел, Тен Алина, Шефер Эрика, Райымбек Әйгерім, Бейсембаева Мадина оқу мен спортта бірдей жақсы нәтиже көрсетіп жүрген үлгілі оқушылар, өте еңбекқор спортшылар. Бұл құрама Рүстем Мақсұтұлының жетекшілігімен мектебімізді, барлық жанкүйерлерімізді жаңа жеңістерімен әлі талай мәрте қуантатынына сенімдіміз. Жеңіс құтты болсын!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное