Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

2017 жылдың 18 – қазан күні «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша Шакирова Айдана 6 «А», Карменова Аружан 6 «Ә» «Жас дарын» аталымдарымен  марапатталса,  Кененбаева Алина 7 «Ә», Турмагамбетова Диана 6 «А» «Тіл жанашыры» аталымдарын иемденді. Сайыстың бас жүлдесі болып саналатын «Көркемсөз шебері» аталымдарын 7 «Ә» сынып оқушылары Мағзұм Мәруа мен Ділшат Мәрмәр жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 



Сайыс барысында қатысушылардың тілге деген құрмет сезімдері асқақтап, өздері де жыр жолдарын жазып, оқып берді.

Қазақ тілі

Қазақ тілі – дара тіл білген кемел,
Нағыз мықты, нағыз өткір ескі емен.
Заманыңнан қалыспа, төмендеме,
Жоғарыла, баурап ал емін - еркін.
Өткір қылыш найзадай, көңіл толқын.
Сезін қане заман мен өмір жолын.
Сен деп бүгін сайыс дедік бәріміз
Сен үшін деп жаңарттық білім қорын.
Тілің қайда дінің қайда, қазағым,
Кей халықтың мазағына айналдың.
Деп зарлады Мұхтар Шахан атамыз
Қазағыма тіл туралы жазамын.

(Ділшат Мәрмәр 7 «Ә» )

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное