Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мектеп Президентін сайлау

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде орталық сайлау комиссиясының ұсынған пилоттық жобасы бойынша мектеп Президентін сайлау науқаны өтуде. Мектеп ғимаратында екі сайлау учаскесі орналастырылды. Әр учаскеде комиссия төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы және 8 комиссия мүшесі тағайындалды. Тәртіпке сәйкес сайлау комиссиясының төрағасы 8:00 де мемлекеттік ән ұран шырқап, жұмыс барысымен таныстырып, дүңгіршектердің бос екенін тексеріп, оны дауыс беру науқанына арнап бекітті. Төрағаның жауапты хатшысы комиссия мүшелеріне дауыс беру парақшаларын белгілі бір мөлшерде беріп, әрбір 15 минут сайын дауыс беру парақшаларын толықтырып отырады. Мектебіміздің бірінші қабатында дауыс берушілерге арнап, мерекелік концерт және жәрмеңке ұйымдастырылуда. Сайлау науқанының әділ өтуін бақылау мақсатында әр түрлі ұйымнан шақырылған бақылаушылар жұмыс барысын жіті бақылауда ұстап отыр.  Сонымен қатар мектебімізге «Хабар», 24кz сынды каналдардан тілшілер келіп, кандидаттардан, дауыс берушілерден және комиссия төрағасынан сұхбат алып, жалпы сайлау науқанының өту жоспарымен танысты.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное