Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Т.Айбергенов атындағы № 16 орта мектептегі күзгі бал

Т.Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте – «Алтын күз» мезгілі басталды... Күзгі табиғат тақырыбына түрлі-түсті плакаттар, мектеп қабырғалары күзгі бояулармен боялды – осының бәрі 5 сынып оқушылардың шығармалышық шабыттары.

6 сыныптарда өткен әдеби кеш балалардың өз Отандарын сүйетіндігін көрсетті, олардың эстетикалық талғамдары, шығармашылық қабілеттері, әсемдік сезімдерін, табиғатқа деген сүйіпеншіліктерін тәрбиелейді және дамытады. Оқушылар ән айтып, күз туралы тақпақ жолдарын айтты, сахнада әсерлі флеш-моб биледі. 7- сыныптардың «Күзгі ханшайым» байқауға қатысушылары өз білімдерін көрсетті – күз туралы ән шырқап, өлең жолдарын айтып, музыкалық үй тапсырмасын орындады, ең үздік күзгі сән киімдерін көрсетті, мақал-мәтелдер айтып, күз туралы «Мақал-мәтелдерді аяқта»  конкурсына қатысты.

Ең жарық, есте қалатын  8,9,10,11 сынып оқушылар арасындағы жалпы мектептік әсерлі флеш-моб конкурсы болды. Қандай сынып жүлделі орынды алатындығын анықтау қиынға түсті, барлық сынып оқушылары дарынды, креативті өз биін көрсете алды. Бірақ ақыры жүлде орын алған сынып анықталды, ол гран-при иелері - 10 сынып оқушылары, 1 орынды 8-11 сынып оқушылары бөлісті, 2 орын - 9 сыныптарға бұйырды. Осылай біз алтын күзбен қоштасып, алдындымызда жаңа күндер,  жаңа іс-шаралар, жаңа кездесулер, қызықты және оқиға толы мектеп өмірі.    


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное