Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ұстазым менің ұстазым»

29-қыркүйек күні №65 мектеп-гимназиясында «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шара өтті. Дәл осы күнді өзін-өзі басқару ұйымының күні ұйымдастырылды. Танертең ұстаздарды карсы алған  оқушылар сол күні өздерін мұғалім ретінде сезініп, үлкен жауапкершілік танытты. Мұғалімдер оқушы ретінде сабақтарға,үйірмелерге қатысып, оқушылық кездерін еске алып, бір марқайып қалды. Сабақтан кейін мектептің концерт залында мерекелік концертті тамашалап, ұстаз деген ұлы тұлғаның мерейі тағы бір асқақтады. Ұстаздарға мектептің жас мамандары өз өнерлерін көрсетіп, өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары  ұстаздарына мерекелік дастарханға торт тарту етті.Кеш өте тартымды әрі қызықты өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное