Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары»

«Өрлеу» БАҰО АҚ 5-жылдығына орай «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына №48 мектеп-лицейден  ағылшын тілі мұғалімдері Булебаева А.К және Аяшов Е.Н. қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Булебаева А.К   «CLIL как качественный подход в обучении предмету «География» в условиях трехъязычия» тақырыбында, Аяшов Е.Н   «Ағылшын тілі сабағында «Kahoot» сервисін қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу бойынша эксперименттік алаң мектебі ретіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенбаева Салтанат Искендировна 5 «а» сыныбында  «Туған жердің ғажайып табиғаты» тақырыбында сабақ көрсетсе, бастауыш сынып мұғалімі Сапахова Динара Аманжолқызы 2 «Б» сыныбында «Сандардың құрамы» тақырыбында сабақ өткізді. Ұстаздар тәжірибесімен бөлісіп, «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның  алғыс хатымен марапатталды. Мектебіміздің мәртебесін арттырып жүрген ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное