Ұстаздар күніне орай, әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын!
МАМАНДЫҚПЕН МАҚТАНАМ ..
- Мен ұстазбын , Ұстазбын деп мақтанам,
Мамандықты мақтан тұтып, шаттанам.
Өйткені мен; білім –ғылым өнерді
Өн бойымда қанымменен сақтағам...
2.Тәлімгермін, тәрбие берем жастарға,
Нұсқаушымын болашаққа бастауға.
Жас ұрпақтың жан жүрегін түсініп,
Шығаратын биік-биік асқарға.
- Мен Ұстазбын… ақыл менен қайраттың,
Отын жағып, шәкірттерді сайраттым.
Әріп танып , азамат боп шығатын.
Әрбірінің көкірегіне , білім нұрын жайнаттым.
- Алыптар да, батырлар да көрген алдын ұстаздың,
Шәкірттердің шаттығымен өтіп жатыр қыс-жазым.
Танытып әріп, дәріс берген қолыма қалам ұстатқан
Кеткен емес, көз алдымнан ең алғашқы ұстазым.
- Қиын-қыстау заманда да, мамандығым өлмеген.
Айқара ашып мектептерді, сусындауға кел деген .
Үздіксіз білім, жас ұрпақтың жанарына от беріп,
Аш құрсақ боп, жүрсе дағы, намысты қолдан бермеген.
- Ал қазір ше?! - заман дамып , қарыштап қадам басады,
Білім атты кеңістікте, бірінен-бірі асады.
Ұстаз деген – алып тұлға , бәсеке сайын бәйгеден
Құштарлық асып, жаңалыққа білімі оның тасады.
- Заманауи сұраныс көп, ұстаз деген халықтан,
Таңы атса , мейірлене шәкіртіне асыққан.
“ Ұстаз”-деген “ ұлы ”атқа сай болайық әріптес
Жас ұрпаққа білім нәрін, беруде біздер жалықпан .
8.Мен ұстазбын “ ұстаз ” - деген ұлы есім,
Бастап жүрмін , тәрбие-білім , нық көшін.
Арқалап жүрген ауыр жүкті бұл таңда ,.
Ұстаздарға төзімділік, парасатпен бақ берсін.,
Ахметжанов Мұхтархан Малғаждарұлы.
Астана қаласы . 52 мектеп-гимназия. 2017-2018 оқу жылы.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер