Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Ертегіде қоңақта»

20 қыркүйек күні «№3 мектеп-гимназия» ММ Тілдер апталығы шеңберінде орыс тілі Күні өткізілді.  Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Н.А.Говоркова «Ертегіде қоңақта» (орыс ауыз әдебиетіне экскурс) сыныптан тыс іс-шараны өткізді. Іс-шараның қатысушылары 5 «В» сынып оқушылары болды. Сыныптан тыс іс-шара шағын театр қойылымы түрінде   ұсынылды: мәтінді мәнерлеп оқушылар тіл туралы өлең оқыды (Аверина Е., Дёгтева П., Тогузова А., Тасмуханова С., Аскарова А.), жүргізушілер нөмірлерді хабарлады (Ткач Р., Мустафина А.), оқушылар тақпақтар (частушка) айтты (Шахманов А., Рамазанов М, Ахмедзаде А., Бычкова Т., Газдиева М, Елубай Е., Ермеккызы А.), Үй аруағын ойнаған Зиненко А., Жалмауыз кемпірді ойнаған  – Идрисова А., Орман перісін ойнаған – Гречко А., оқушылар  Мустафина А., Тлеубаева Д., Ахмедзаде А. «Валенки» әнін орындады. 5«В» сынып әртістері  залмен жұмыс істеді: жұмбақтар жасырды, мақалды жалғастыруды, шапшаң сөздерді айтуды ұсынды. Іс-шараға қатысуға тілек білдіргендердің барлығы шақырылды. Көрермендер  5-6 сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар болды.  Ерекше атап  кетуге болатыны 5 «В» сынып оқушылары іс-шараны дайындауға және өткізуге барлық жауапкершілікпен қарады, өздеріндегі қорқыныш сезімін жеңіп, (осыған дейін ешкім сахнада өнер көрсетіп көрген жоқ)  қысқа мерзім уақыт ішінде мәтіндерді жаттап алды, «рөлге кірді». Іс-шара флешмобпен аяқталды (5 «В» сынып оқушылары Аверина Е, Шадловская Е., Дёгтева П. сахнадан орыс халық биінің қимылдарын көрсетті ал залдағылар жұмыла оларды қайталады).

Говоркова Н.А.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное