Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы

      Қыркүйек айының 20-жұлдызында бірінші сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Мектеп директоры Байтасова Ұлбосын Бекмурзаевна іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын таныстыра отырып, бастауыш білім беру – бұл ересектер әлеміне қарай саналы өмірдің басталуы және баланың қандай болып өсетіні бастауыш білімнің жемістілігіне байланысты екендігін атап көрсетті.

Одан әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аппазова Ляйля Сагитовна «баланың бойына рухани құндылықтарды сіңіре отырып, болашақ білімді жастарды тәрбиелеу сіз бен біздің қолымызда, сондықтан да балаңызға беру қажет нәрсенің ең маңыздысы – бұл сіздің ықыласыңыз» деп өз ұсынысын білдірді.



Әрі қарай педагог-психолог Наурзбекова Ботакоз Ныгимановна конференцияның басты тақырыбы бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндердің мектепке бейімделуі жайлы ақпараттар берді. Сонымен қатар «Әке, мені вальске шақыр», «Ана туралы аңыз», «Ата-ана айқайы» видеороликтері көрсетіліп, ата-аналарға жаднамалар таратылды.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное