Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Отбасы – өмір бастауы»

8 қыркүйек күні– ОТБАСЫ КҮНІНЕ орай мектебімізде «Отбасы – өмір бастауы» тақырыбында  8ә, 8г сыныптары ата-аналардың арасында тренинг- сайыс болып өтті.

       Бала тәрбиесінің бастауы – отбасындағы әкелерді  іс-шараларға қатыстыра отыра мектеп өміріне белсенді қарым-қатынасқа  тарту, тұрақты байланыс орнату.

       Бүгін біз «Отбасы – өмір бастауы» тақырыбындағы тренинг сайыста бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынасы туралы сөз етпекпіз.Отбасы-адам баласының  түп  қазығы,  алтын  ұясы. Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам. Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат – міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.

Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.

Әке жолы-ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген болатын Әбунасыр әл Фараби. Сол секілді Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты»  деп айтады.

     Ата-аналарды 3 топқа бөліп, сайыс сұрақтарына кезеңмен жауап берді. Отбасы құндылықтары, отбасы баланың дамуы мен қалыптасуының негізі екендігін, ата-ана тәрбиесі жоғары орында тұру керектігін насихаттайтын, сұрақтар көрініс тапты. Жалпы сайыс жоғары деңгейде қызықты өтті.

Тренингтен көріністер



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное