Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Көкеністерді егіп-өсіру, күтіп- баптау»

             Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясы оқушыларының «Көкеністерді егіп-өсіру, күтіп- баптау» іс-тәжірибе жұмыстары 

Оқушыларға қазіргі заманауи талаптарға сай жаратылыс пәндерінен теориялық білім беріп қана қоймай, білім алушыны өмір сүруге дайындау мақсатында  функционалдық дағдыларын дамыту болып табылады. Сол себепті мектеп басшылары мектеп алаңында «Көкөністерді егіп-өсіру, күтіп- баптау» іс-тәжірибе алаңын ұйымдастырылды.
  Оқушылардың  мектеп  жанындағы  учаскедегі  жұмысының  мектепте  оқыту үдерісі, сондай-ақ  нақты тәжірибелік  жұмысқа  тәрбиелеудегі  маңызы  зор. Оқушылардың жұмысын ауыл шаруашылығы тәжірибесіндегі технология негіздерін өздігінше тәжірибелік зерделеу және шығармашылық қолдану арқылы оқытуды еңбекпен ұштастырудың неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Жазғы демалыс кезінде оқушылар бекітілген кесте бойынша мектеп учаскесінде жұмыс істеді: арам шөп жұлу, суару, қопсыту,гүлдерді күту сияқты т.б. Дұрыс жолға қойылған жұмыс оқушыларда байқағыштық, еңбекке адалдықпен қарау, күрделі емес зерттеулерді өздігінен жүргізу, қиын мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын қалыптастырады. Еңбек объектісімен тікелей қарым-қатынаста және оған ықпал ету кезінде оқушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясының ғылыми негіздерін практика жүзінде меңгереді. Үйде атқаратын көптеген пайдалы дағдыларды оқушылар біздің учаскеде меңгеріп, үйде де ата-аналарының бақшадағы жұмыстарына  қол ұшын бере алады. Жазғы еңбек практикасының қорытындысы жалпы мектептік  линейкада жарияланып, өздерінің адал еңбегімен ерекшелінген сыныптар: 8 «Ә» ,  9«Ә», 7 «А» , 6 «А», 9 «А» аталып өтілді. Балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное