Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Денсаулық күні

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортқа халықтың ынтасын ояту мақсатында елімізде 1997 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық өңірлерінде Денсаулық күнін өткізу дәстүрге айналған. Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдануға баулуды мақсат тұтқан № 48 мектеп-лицейдің ұстаздары мен оқушылары  спорттық киім киіп іс-шараға белсене қатысты.

«Денсаулық күні» мектебімізде арнайы жасақталған шара бойынша жүргізілді. Атап айтатын болсақ « Біз Қазақстан болашағымыз» атты флэшмоб биімен басталды.9-шы сыныптар арасында «Кім батыл?» кермеге тартылу жарысы, 8-ші сыныптар арасында  «Алтын доп» атты футбол, 8-11 сыныптар арасында  «Жүйрік» атты жүгіру жарысы, 5-ші сыныптар арасында «Тоғызқұмалақ» жарысы, 7-ші сыныптар арасында «Стритбол» атты шағын баскетболойын жарыстары өткізілді.

      Бүгінгі өткізілген «Денсаулық күні» іс-шарасына мектебіміздің барлық мұғалімдері,оқушылары белсене қатынасты.Мектебімізде бұдан әрі де спорттық, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар жалғасын таба бермек.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное