Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

2017-2018 оқу жылында №54 мектеп-лицейінде 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы –бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтың өткізілуіне арнайы жоспар құрылды. Жоспар мазмұнымен лездемеде таныстырылып, жауапты тұлғаларға ескертілді. Жоспар бойынша мектеп психологы, инспектор, тәрбие ісінің меңгерушілерінің қатысуымен  «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты 10- сынып оқушыларына семинар –тренинг өткізілді.      9 .09.17 күні «Әке балаға үлгі» ұранымен 10,5-сынып оқушыларының әкелерімен футболдық және баскетболдық кездесу ойыны өткізілді. Ойын соңында әкелер алғыс хатпен марапаталып, аталмыш кездесулер жиі болып тұрса деген тілектерін айтып өтті. 9.09.17 күні 2-сынып оқушыларымен отбасылық «Жарқын сәт!» сайысы өткізілді.    5-7 сыныптар арасында «Бақытты жанұя – Бақытты ел» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. 9.09.17 күні «Өз балаңа үлгі бол» атты 1-сынып ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар мектеп директоры мен психологы тарапынан нұсқау-кеңес алып, білім жүйесіндегі жаңалықтардан хабардар болды.  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное