Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№54 мектеп-лицейінде Денсаулық күніне орай іс-шаралар өткізілді

10.09.2017 күні №54 мектеп-лицейінде Денсаулық күніне орай 5,6,7-сыныптар арасында бірқатар спорттық ойындар ойнатылды.

5-сыныптар эстафеталық ойындар ойнап, өз сыныптарымен командалық есепте жеңіске жету үшін барын салды. Қорытындысында І орынды 5 «Д», ІІ орынды 5 «Ғ» 5 «Ә», ІІІ орынды 5 «З» сыныптары қанжығаларына байлады.

6-сыныптар «Халық добы» жарысында бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде І орын 6 «Г» сыныбы, ІІ орынды 6 «Ә», ІІІ орынды  6 «Ғ» сыныптары теңдей бөліп алды.

Ал 7-сыныптар волейболдың алғашқы баспалдағы пионербол  ойынын ойнап, командалық есепте жақсы ойын көрсетті. Ойын тартысты өтті. Жоғары деңгей көрсете білген сыныптар: І орын 7 «Г», ІІ, ІІІ орынды 7 «Ә», 7 «Б» сыныптары иемденді.

Жеңімпаз сыныптар марапатталды.

Атаулы шарадан мұғалімдер де қалыс қалмады, топ-топқа бөлініп, эстафеталық жарыс ұйымдастырды.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное