Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"Күншуақты жаз" жазғы сауықтыру лагері 2016-2017 жыл

   № 55 орта мектептің 2016-2017 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» лагері.

  Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша II ауысым бойынша жұмыс жүргізді.

I-ауысым 29.05-09.06.2017ж ,II –ауысым 12.06-23.06.2017ж аралығында жүргізілді.

Мақсаты:

   «Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

 Міндеттері:

-         Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

-         Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

-         Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

-         Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

-         Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

-         Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

-         Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

                                                                            

   Лагерь балаларына жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылып,тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.

Тәрбиешінің міндеттері

▲   Балалардың тәрбиесін өмір   қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.

▲   Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.

▲ Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәрьібін орындауды ұйымдастырады.

▲ Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное