Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

9 және 11 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті

Астана қаласы №48  мектеп-лицейінде 2017 жылдың 12 -13 мауысымында 9 сынып  пен 11 сынып бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында  мектеп директоры – Садықова Зауре Жақанқызының құттықтау сөзінен кейін, бірден  аттестат тапсыру рәсімі болды. 

      Бүгінгі жаһандану заманында биылғы түлектерге жүктелер жауапкершілік те көп. Терең білімсіз толыққанды болашақты елестету мүмкін емес. Біздің түлектер тәрбие мен білімді қатар ұштастырған сияқты. Мектеп қабырғасында әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, тұлғалық қасиеттерін дамытты. «Құсты қанат, адамды талап ұшырады» дегендей әр түлекке шексіз талап пен талант тілейміз. Жиын соңында жыл бойы мектептің қоғамдық-тәрбие саласында белсене қатысып жүрген оқушылардың ата-аналары алғыс хатпен марапатталды.

Қиындықтар мойытпасын сендерді, 
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді 
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз ізгі тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын! - мұғалімдер атынан осындай керемет өлең шумағы оқылып, түлектерімізге үлкен өмір жолда ақ  жол, сәт сапар тіленді.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное