Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Аттестат тапсыру кеші

2017 жылдың 12 маусымында №59 мектеп – лицейінің Акт залында түлектерге аттестат тапсыру кеші өткізілді. Аттестат тапсыру  кешіне құрметті қонақтары, мұғалімдер мен ата – аналар салтанатты мерекеміздің қонағы болды.

Мерекеміздің  құрметті қонақтары болған:
1. Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім Академиясының үш тілдік білім даму орталығының директоры  ҚР БҒМ- Сырымбетова Ляйля Сарқытқызы;

  1. Астана қаласының Білім Басқармасының мониторинг және анализ бөлімінің маманы - Шлейманов Акжол Амиржаевич;
  2. Қазақстандық шахматшы, халықаралықтурнирлердіңбірнешедүркін чемпионы, әйелдерарасындахалықаралық гроссмейстер- Садуакасова Динара Рамазановна;
  3. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, киноактер, Қасым Қасеновтың басты рөлінде ойнаған Қыстақбай Қуандық Қапсалаңұлы;

5.Астана қаласыныңҚамқоршыларкеңесініңтөрағасыныңорынбасары - ДжуматаевКуанышДжетписбаевич;

6.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Бас штабы бастығының орынбасары - Колесников  Олег  Валерьевич;

  1. Қазақ ұлттық Хореография академиясының оқытушысы, өнермагистр мұғалім, PhD докторы - Кензикеев Руслан Владимирович;

Түлектерге аттестат тапсыру кезінде құрметті қонақтарымыз келесі номинациялар бойынша: «Алтын қор»; «Дарын»; «Лидер» «Жас Ұлан»; Спорттық сайыс бойынша; «Әсем» түлектерге грамота табысталды.

Бұл күнде түлектеріміз үшін Қазақстан Республикасының танымал әншілері – Адам және Рүстем  Нұржігіт өздерінің өнерімен қоса ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Халықаралық және ұлттық конкурстардың лауреаттары, балдық бидің өнерпайздары – Глазков Игорь и Глазкова Анара өнерлерін көрсетті.

Бүгінгі күннің әрбір сәтін түлектеріміз өмір бойы жадында қалдырары сөзсіз. Салтанатты кешіміз әсерлі сәттерге толы болып, түлектеріміздің жарқын болашаққа деген қадамдарына тек  сәттілік тілейміз.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное