Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Сәттілік жолдас болсын!» - дейді, 2016 жылғы түлектер

«Сәттілік жолдас болсын!» - дейді, 2016 жылғы түлектер
 

Тағы бір оқу жылы аяқталды...

 № 61 мектептің  бастауыш сынып  шәкірттері жазғы демалысқа шықты, ал жоғары сыныптағылар емтихан сынақтарына даярлануда. Осы бір қарбалас шақта артқа тағы бір қарайлап, өткен жылы қалай болып еді деп, шәкірттердің   қадамдарына  көңіл қойып, қайыра  ой жүгіртесің.

Иә, 2016 жылғы түлектер 11 «А» сынып оқушылары ұстаздар қауымының төккен тер, еткен еңбегін ақтады.







Үш оқушы алтын медальға ие болса, бір оқушы мектепті қызыл аттестатпен бітірді. Олар:



Ақбота Бейбіт            Биназ Арслан                   Ержан Шодыбаев             Ақмарал Наштаева

 

Бірқатар шәкірттер былтырғы оқу жылында көптеген конкурстарға қатысып, ғылыми жұмыстарын қорғады. Мектептегі оқу тәрбиелік шараларға белсене қатысты. Спорттық жарыстарда да мектеп намысын қорғап, көзге түсті.







Гүлнара Базаралиева тоғызқұмалақтан республикалық  және халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды. Әлішер Кишубаев баскетболдан жастар лигасында ойнады. Болат Нұрбаев және басқалар түрлі спорттық жарыстарда көзге түсіп, мектеп намысын қорғады.

 2016 жылғы түлектер ұйымшыл,  бір біріне көмекке даяр тұратын, достыққа берік азаматтар болып бой түзеп, үлкен өмірге аттанды. Мектепте  білікті ұстаздардан  алған білімдері  еліміздің түрлі жоғары оқу орындарына түсуге негіз қалады.

 Бұл күндері  Шыңғыс Бақытжан ЕНУ-дің, Қуаныш Аружан, Нұрым Айтжан Астанадағы агротехникалық университетте, грандта оқиды.  Барлық түлектеріміз  жоғары оқу орындарында білім алып жүр.

Шәкірттеріміз қайда жүрсе де өздері қанаттанып ұшқан алтын ұя мектебін ұмытпайды. Оның атын ардақ тұтады.

 Бүгінде,  олар  мектеп бітіргелі  отырған түлектерге  шын көңілден ақ жол тілейді.

 «Сәттілік жолдас болсын!» - дейді олар.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное