Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

25 мамыр «Соңғы қоңырау» күніне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын

25 мамыр «Соңғы қоңырау» күніне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын
Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетті...

Биылғы 2017 жылдың 25 мамыр соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын № 61 орта мектебінде ІІ ауысымда өткізілді. Жиын мектебіміздің «Сезім» би тобының дайындауымен жасалынған қойылымның негізінде ашылды. Келешек ұрапққа берер тәрбиесі мол мұраны «Сезім» би тобының жетекшісі Коргашова Дана Казбековна ұйымдастырды.



Жиынға Астана қаласы, Білім басқармасы «Тұлғаны рухани адамгершілікке таныту, өзін-өзі тану бөлімінің маманы Иманжан Сұлтан Мейіржанұлы келіп қатысып, бітіруші түлектеріміз бен шәкірттерімізге өз ықыласын жолдады.

Мектеп директоры Жангазакова Кенжесары Апсейтовна түлектерге сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттің қорытынды аттестаттаудан және ұлттық бірыңғай       тестілеуден табысты нәтиже көрсетіп шығуларына тілектес екендігін білдірді.  

Сонымен қатар, оқу-білімде алғырлылығымен, спортта да, өнерде де дарынымен көзге түсіп жүрген оқушымыз Тәліп Мұстафа «Жыл оқушысы» болып марапатталды. Әр сыныпта мектебіміздің мақтанышы болған, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан оқушыларымыз да марапатқа ие болды. 







Түлектеріміз де мектеп ұстаздарына деген алғыстарын білдіріп, қоштасу вальсін билеп, әуеге үміт шарларын ұшырды. Жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное