Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жыл оқушысы – 2017 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар...

Жыл оқушысы – 2017
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар...

Биылғы жыл мектебіміздің ұстаздары үшін де, оқушылары үшін де табысты жыл болды десек, артық айтқанымыз емес. Білім мен өнерді, спортты қатар алып жүрген оқушыларымыздың аяқ алысына қарап бір марқайып қаласың. Белестен белеске өрлеп келе жатқан жүйріктеріміздің арасынан саралай отырып, «Жыл оқушысы» атағына сай келетін оқушыны таңдап алу оңайға соқпады. Десе де, білімде де, спортта да оза шауып, жігерлілігімен, көзге түскен 5 «Г» сынып оқушысы Тәліп Мұстафа «Жыл оқушысы» болып белгіленді.





Тәліп Мұстафа Халықаралық, Республикалық, қалалық, аудандық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің мақтанышы, ата-анасының абыройы болып өсіп келе жатқан оқушы.

Күні кеше Латвия еліндеге дзюдодан жасөспірімдер арасында «Young Star 2017» турнирі өткен болатын. 2004-2006 жылғы балалар арасында Тәліп Мұстафа қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. «Үздік техникасы» және «жылдам иппон» үшін арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жас дзюдошымыздың жаттықтырушысы Рахматов Хамзали арнайы сыйлыққа ие болды. 






Биылғы жылдың өзінде 17 Халықаралық, Республикалық, қалалық  жарыстарға қатысып, жүлделі І орынға ие болған.  Мұстафаға жеңіске жетелейтін жігер мен намыс тілейміз. Тек қана алға!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное