Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Отбасы - білім мен ғылым негізі»

3-маусым күні Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейі «ЕҰУ - Мектеп» бағдарламасы аясында «Отбасы  - білім мен ғылым негізі» тақырыбында ғалымдар, ата-аналар, мектеп ұстаздары қатысқан конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: отбасылық  құндылықтарды кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойында білімге, ғылымға зерттеулер мен ізденістерге деген қызығушылығын бірлескен ынтымақтастық әрекеттер арқылы дамыту. Конференцияға қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің  ғалымдары қазіргі жаһандану кезеңінде білім мен ғылымды негізге ала отырып, ең басты құндылығымыз ұрпақ тәрбиесін уыстан шығарып алмауымыз маңызды екенін басшылыққа алды. «Отбасы - ғылым мен білім негізгі» тақырыбында мектеп директоры, Білім беру ісінің үздігі және құрметті қызметкер Садыкова Зәуре Жақанқызы сөз алып, мектеп өмірі мен тұлға дамуын баяндады. «Отбасы - баланың рухани жаңғыруының бастауы» - тақырыбында ЕҰУ - нің әлеуметтік мәдени дамуы жөніндегі проректоры филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы сөз алса, «Адамгершілік пен білім - адамның рухани арқауы» тақырыбында ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалел терең ойларымен бөлісті.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное