Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Жұлдыздар шеруі - 2017" марапаттау рәсімі

Жүйріктің желмен жарысқан

Дүбірін білген алыстан

Құлагерлері қазақтың

Ауыздығымен алысқан

Зерденің құлын тайлары

Жүлдемен келген жарыстан

Ақтау, Павлодар, Алматы

Мәскеуіңеде барысқан

Барлығы да білімді

Шеттерінен данышпан

         Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 24.05.2017 ж. күні сағат 12:00-де дәстүрлі түрде өтетін, 2016-2017 оқу жылында жоғарғы табысқа жеткен жалынды да дарынды оқушыларды ұлықтайтын «Жұлдыздар шеруі-2017» марапаттау рәсімі болып өтті. 2016-2017 оқу жылын қорытындылай келе, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан білім, спорт, өнер сайыстарында шаң қақтырмай, шаба озған, қалалық, Республикалық, Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстары жеңімпаздары үздік деп танылып, марапатталды. Дәл осы жас ізденімпаз, жаңашыл, талантты да дарынды оқушыларымызға мектеп директорының міндетін атқарушы Байулова Гулназия Сабырқызы жылы лебізін білдіріп, жақсы тілектерін арнады.

        Жұлдыздар шеруін мектеп дамуына жыл бойы үлкен үлес қосып, талмай еңбек еткен мектебіміздің білімді де білікті ұстаздары бастап, дарынды оқушылар жұлдыздар шеруін жалғастырды.

        Мектебіміздің қоржынын алтын мен күміске толтырып, мектеп абыройын және Астана қаласы беделін Республикалық, Халықаралық дәрежеде асқақтатып жүрген «Зерде» мектебінің талантты да алғыр оқушылары «Зерде» жұлдызы-2017» арнайы жұлдыз белгісіндегі статуэткамен марапатталды.

Олар:

      10-сынып оқушысы Мейрам Серікболсын
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы III орын (Қола медаль) жеңімпазы;
2016-2017 оқу жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада математика пәнінен I орын (Алтын медаль);
      11-сынып оқушысы Кабульдинова Аина
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада орыс тілі пәнінен I орын (Алтын медаль);
      11 – сынып оқушысы Боранбаев Қуандық
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада биология пәнінен III орын (Қола медаль);
      10-сынып оқушысы Турашева Анель
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәнінен III орын (Қола медаль);
      10-сынып оқушысы Сухамбекова Әсемгүл
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында математика пәнінен III орын (Қола медаль);
Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми жобалар сайысы II орын (Күміс медаль);
      10-сынып оқушысы Тлеумағамбет Баян
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында математика пәнінен II орын (Күміс медаль);
      11-сынып оқушысы Толғанбаев Шернияз
Республикалық, Халықаралық ғылыми жоба сайыстарының I орын жеңімпазы (ғылыми жұмыстарды ағылшын тілінде қорғайды)
      10-сынып оқушысы Хамидоллин Шерхан
Республикалық «Тарих Ата» олимпиадасының I жеңімпазы
     11- сынып оқушысы Сейдулла Қымбат 
Халықаралық «INFORMATICS» ғылыми жоба сайысы III орын

          Келесі марапат «Зерде» көшбасышысы – 2017». Бұл медальдармен қалалық олимпиада мен ғылыми жоба сайыстары жеңімпаздары марпататталса, «Зерде» мақтанышы – 2017» медалімен қалалық түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен аудандық олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

         Американдық ғалым Дональд Трамп айтады: «Кез келген «жақсы уақыт» - әрқашан да өткен күнгі еңбегіңіздің нәтижесі. Бүгінгі еңбегің, ертеңгі тәтті жемісің.Сондықтан, әрқашан еңбектен. Күшіңізді сәл ғана азайтсаңыз, артқа қадам жасайсыз». Тоқтаусыз өзіңді жетілдіруді республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстары жеңімпаздары анық біледі.

         Барлық жүлдегер оқушыларды марапаттап болған соң, «Зерде» үздіктері марапатталды.

«Жыл мұғалімі» - орыс тілі пәні Турсекеева Камилаш Киякбаевна.

«Жыл оқушысы» - 10 «Ә» сынып  оқушысы Мейрам Серікболсын.

«Жыл сыныбы» - 10 «Ә» және 8 «А» сыныбы.

«Жыл сынып жетекшісі» - 10 «А» сынып жетекшісі Оралова Ақтолқын Қаппаровна болды.

         Жеңімпаздар марапатталды, мектеп мәртебесін асқақтатып жүрген оқушылар есімімен таныс болдық, мұғалімдердің еңбектері мен қосқан үлестері ескерілді. Бұдан ары не болмақ деген сұрақ бәрінің көкейінде тұрды. Бұдан әрі сабақ, жұмыс, жаңа олимпиадалар мен конкурстар, бұл дегеніміз – жаңа жеңістер...

        Оқушыларға күш – қуат, шабыт және жаңа жеңістер тілей отырып, «Жұлдыздар шеруі – 2017» марапаттау рәсімі өз мәресіне жетті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное