Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Сыңғырла, соңғы қоңырау - 2017»

«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

2017 жылдың 25 мамыры күні №65 мектеп гимназиясында жылдағы дәстүр бойынша «Сыңғырла,соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті.

Мамыр айынның жиырма бесінші жұлдызы - соңғы қоңырау... Бұл – мереке ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн.. Бұл күні республиканың түкпiр-түкпiрiндегi мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, жаңа да жауапты өмiрге аяқ басқан түлектер алтын ұя мектептерiмен қоштасты. Сондай - ақ,  салтанатты іс-шараға мектеп – гимназия  ұжымы, ардақты ұстаздар, ата – аналар мен бітіруші түлектер қатысты.
Сонымен қатар түлектерді құттықтай келген мектебіміздің жоғарғы және бастауыш сынып оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.Мереке соңы мектеп түлектерінің қоштасу вальсымен аяқталды.

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!!!








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное