Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!


Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн... Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн... Бүгін соңғы қоңырау!
25 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша қасиетті білім ордасында бас қосатын соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі де тарихи оқиғаларға  толы тұста өтті:
Бұл жыл – Алаш Орда құрылғанына 100 жылдық мерейтойын атап өткен жыл.
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 52 түлегі  салтанатты жиын күні балалықтың бал дәурені, оқушылық өмірмен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақпақ. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Салтанатты жиынның алғашқы шымылдығын мектебіміздің директоры педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботаханқызы ыстық лебізге толы құттықтау сөзімен ашты. 2016-2017 оқу жылындағы мектебіміздің толағай табыстары мен жетістіктерін айта келіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі. Мектеп есігін тұңғыш ашқан 1-сынып бүлдіршіндерінің құттықтау сөзінен кейін қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан , шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер сөз алып, ұстаздарына  шәкірттік шексіз алғыстарын білдіріп, гүл шоғырларын ұсынды. Мектебіміздің мақтанышы 11 «А» сынып оқушысы Бақтыбай Ернар өзінің ізбасары 10 «Ә» сынып оқушысы Габжалелов Бекзатқа білім кілтін тапсырды. Мектептің ең соңғы әуені, қоңыраудың әсем сазы естілетін соңғы қоңырау соғу салтанатынан кейін түлектер әдемі мектеп вальсін биледі.
Салтанатты жиынның 2-бөлімі «Бәйтерек» монументінің алаңында қалалық іс-шарамен жалғасын тапты.











Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное